00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ұлттық банк «Astana. 25 jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды

01.07.2023 | 18:30
157

Қазақстан Ұлттық банкі бүгіннен бастап елорданың мерейтойына орай «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ASTANA. 25 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

Монеталар 3 шілдеден бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

«ASTANA. 25 JYL» монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 (жиырма мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Все новости