Елорданың 25 жылдығына орай әскери-музыкалық фестиваль өтеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/photo_5244916570868794850_y_8fc78ca508.jpg)
Елорданың 25 жылдығына орай мәдениеттер мен халықтарды біріктірудің бірегей құралы әскери оркестрлердің I Халықаралық «Астана – мәдениет керуені» әскери-музыкалық фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қалалық әкімдіктің қолдауымен Қорғаныс министрлігі Әзербайжан, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония Қарулы күштері музыкалық ұжымдарының қатысуымен қазақстандықтарға ерекше сыйлық дайындауда.
Фестиваль аясында елордаға бес жүзге жуық музыкант жиналмақ. Олардың репертуары марш, эстрада, джаз және танымал классикалық туындыларға бай. Әр команданың өзіндік стилі, түсі және музыкалық қолтаңбасы бар.
Мұндай көлемдегі іс-шараны өткізу ұжымдардың шығармашылық өсуіне, оркестрлік мәдениетті дамытуға және достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады.
Іс-шаралар 6 шілде күні басталады. 19.30-да Есіл өзенінің жағасындағы жазғы амфитеатр сахнасында оркестрлердің қатысуымен Band Marathon өтеді.
Келесі күні сағат 20.00-де музыкалық ұжымдардың қойылымдары орталық саябақта, "Бәйтерек" монументі мен «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Фестиваль 8 шілдеде аяқталады. «Барыс Арена» мұз сарайында үлкен гала-концерт өтеді. Сағат 12.00-де басталатын концертте көрермендер оркестрлер дефилесімен қойылған қызықты музыкалық-театрландырылған қойылымның куәсі болады.
Жылдың ең маңызды оқиғаларының бірін жіберіп алмаңыз! Кіру тегін.
![](/img/articles/uploads/378677592_18382411876061421_5146567527962680493_n_ca5fa92152.jpg)
![](/img/articles/uploads/zhyur_c91a4856d1.jpg)
![](/img/articles/uploads/48bb205568b743e5ed8a3cfd82e3f690_1280x720_e59baf8644.jpeg)
![](/img/articles/uploads/f412ce1e_cf99_47d7_82d4_369924c5462d_ee994363cd.jpg)
![«Ел жүрегі – Елорда» атты оқушылар арасында шығармалар байқауы жарияланды](/img/articles/uploads/378677592_18382411876061421_5146567527962680493_n_ca5fa92152.jpg)
![Ерік Жолжақсынов: Астана мен Монте-Карло арасына «өнер көпірін» салдық](/img/articles/uploads/zhyur_c91a4856d1.jpg)
![Астана-25: Әлеуметтік бейнероликтер байқауы жарияланды](/img/articles/uploads/48bb205568b743e5ed8a3cfd82e3f690_1280x720_e59baf8644.jpeg)
![Елордаға 11 елдің цирк өнерпаздары келді](/img/articles/uploads/f412ce1e_cf99_47d7_82d4_369924c5462d_ee994363cd.jpg)
![Астанада халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалі өтеді](/img/articles/uploads/ERA_6835_f5ebfe08bc.jpg)
![Астанада шахмат фестиваліне қатысушылар гроссмейстерлермен ойнады](/img/articles/uploads/2023_07_13_15_41_53_b9df1ba21f.png)
![Мәулен Әшімбаев елордадағы шахмат фестивалінің басталуымен құттықтады](/img/articles/uploads/2023_07_12_17_14_34_46b82fa696.png)
![Елордада журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_07_12_at_15_59_32_0dbabe27f7.jpeg)
![Елордадағы Байқоңыр ауданы бесжылдығын атап өтті](/img/articles/uploads/bajkonyr_0d6cfb6e3d.jpg)
![«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды](/img/articles/uploads/56b2dad3_5de7_432d_8532_41ea96edab44_bf02b6903a.jpg)
![Астана музейлері](/img/articles/uploads/ultiiik_716c0538ec.jpg)
![Астана 1999 жылы ЮНЕСКО-ның жоғары сыйлығына ие болды](/img/articles/uploads/20_2_2ee6f74e85.jpg)
![Астана келбетінен сәулет өнерінің жарқын үлгілерін көргім келеді – Аманжол Чиканаев](/img/articles/uploads/chi_c6653ecb69.jpg)
![Астана туралы үздік әндер байқауына өтінім қабылдауға 2 күн қалды](/img/articles/uploads/122041e4_1eb0_460a_bfc3_086933f7dc03_ba140ee821.jpg)
![«Ел жүрегі – Елорда» атты оқушылар арасында шығармалар байқауы жарияланды](/img/articles/uploads/378677592_18382411876061421_5146567527962680493_n_ca5fa92152.jpg)
![Ұзын, қысқа және атаусыз: Астанада қандай көшелер бар?](/img/articles/uploads/6b68eb1f_4360_40c0_819c_4e46a24b143e_05dd9093c7.jpg)
![Астанада халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалі өтеді](/img/articles/uploads/ERA_6835_f5ebfe08bc.jpg)
![Астанадағы атауы ерекше көшелер](/img/articles/uploads/egemenchik_b8e3496d58.jpg)
![Ерік Жолжақсынов: Астана мен Монте-Карло арасына «өнер көпірін» салдық](/img/articles/uploads/zhyur_c91a4856d1.jpg)