00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық домбырашылар 25 күйді бір уақытта тоқтамай тартты

01.07.2023 | 13:00
108

Ұлттық домбыра күні мен Астананың 25 жылдығына орай елордадағы «Қорғалжын» скверінде 100-ге жуық домбырашы бір сағат ішінде 25 күй орындады, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараны «Koltal junior hall» орталығының қолдауымен Сарыарқа ауданының әкімдігі ұйымдастырды. 

Флешмобқа орталықтың оқушылары мен «Көктал» тұрғын алабының тұрғындары қатысты.

Бұл біз үшін үлкен сынақ болған жоқ. Балалар өте жақсы дайындалғандықтан, бір жаттығумен шектелдік. Менің жиенім үйде атасынан үйренді және басқа балалармен бірге домбыра тартуға қызығушылық танытты. Бізді флешмобқа қатысуға шақырғанына қуаныштымыз. Ұйымдастырушылардың балаларға осындай мереке сыйлағанына рақмет, - деді домбырашылардың бірінің әпкесі Айнар Әлмұханова.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев пен елордалық мәслихат депутаты Бауыржан Смайылов қатысты.

Құрметті елорда тұрғындары, сіздерді Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Бұл аспаптың дыбыстары – халқымыздың жанының дауысы. Домбыра арқылы Әміре Қашаубаев Еуропада тыңдаушыларын таң қалдырған болатын. Кішкентай домбырашылар мен олардың мұғалімдеріне осындай әдемі флэшмоб ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын және оларға аңызға айналған әртістеріміз қол жеткізген өнердегі биіктерге жетулерін тілеймін, - деді Дәулет Мұқаев құттықтау сөзінде.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Дана АМАНГЕЛДІ

Все новости