00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астананың бас жоспары: Чиканаев жапондық Курокаваның қандай қатесін айтты?

14.06.2023 | 19:30
98
Фото: Аманжол Чиканаевтың жеке архивінен

Қазақстанның Құрметті сәулетшісі Аманжол Чиканаев. Elorda.info тілшісіне берген сұхбатында Куракава жоспары былай деді: 

-Сонымен, бейнелеп айтсақ,  Курокава бас жоспардың іргетасы мен қаңқасын жасап берді, енді осы қаңыраған бос қуысты толтыру  Астана жобалау ұйымына жүктелген-тін. Әрине, мүйізі қарағайдай сәулетші басқа белдеуде, өзге менталитеттің адамы болғандықтан, дәл бізге не керек екенін дөп басып түсіне алмайтыны анық. Жұқалап отырып түсіндірдім.  Кейін бас жоспардағы  бастапқы идеяны сақтай отырып, кейбір өзгерістерді енгіздік. Мәселен, жапон сәулетшісі бас жоспардың қаңқасының, яғни инженерлік инфраструктурасының ондаған жылдарға дейін мызғымастай қатып қалуын, ал қаланың тіні өзгере беретінін, яғни үйлер мен ғимараттарды қалауымызша сала беруге болатынын айтты. Алайда олай ету мүмкін емес еді. Өйтсек, қала өсе келе инфраструктуралық жүйенің барлығын қайта қопара жасауға тура келер еді. Бұл тұста мен бас жоспардың иілгіш, өзгермелі болғаны дұрыстығын айттым.

Сұхбаттың толық нұсқасын Elorda.info-дан оқуға болады.

Все новости