00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналықтар мен қала қонақтары үшін асық ойнайтын алаңдар ашылды

04.07.2023 | 18:00
152
фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың 25 жылдығына орай Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандарында асық ойнайтын алаңдар ашылды, деп хабарлады Elorda.info. 

Сарыарқа ауданындағы Гүлдер саябағында орналасқан алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Бауыржан Ералы, «Respublica» партиясының төрағасы, Парламент депутаты Айдарбек Қожаназаров, Асық ату федерациясының өкілдері мен ойын шеберлері қатысты. 

Барлығымыз бала кезімізді асық ойнайдық. Қазір телефон және түрлі гаджет түрлері дамыған заманда балаларды асық ойнауға үйретуіміз керек. Бұл алаң «Respublica» партиясының бастамасымен ашылып отыр. Асық барлық жастағы  адамға қолжетімді ойын.  Жаңа алаңдар арқылы елордада асық ойнайтын жастар қауымы қалыптасады деп үміттенемін, - деді Сарыарқа ауданының әкімі Бауыржан Ералы.

WhatsApp Image 2023-07-04 at 17.38.00.jpeg

Бұл алаңның ерекшелігі – асық тарихы және ойын түрлері мен ережелері туралы мағлұматты арнайы енгізілген QR-код арқылы білуге болады. 

«Respublica» партиясының ең басты ұстанымы - ұлттық құндылықты дамыту. Сондықтан да біз елордада осындай алаң ашуды жөн көрдік. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. Көнеден келе жатқан ұлттық ойынды енді елордалықтар да саябақта еркін ойнай алады. Алдағы уақытта еліміздің басқа қалаларында алаң ашуды жоспарлап отырмыз,- дейді партия төрағасы А. Қожаназаров.  

WhatsApp Image 2023-07-04 at 17.37.59.jpeg

Ашылу салтанатында қатысушылар кезек-кезек асық ойнады. Асық атудан Қазақстан чемпионы 16 жастағы Аружан Жақыпбек те өз өнерін көрсетті.

WhatsApp Image 2023-07-04 at 17.38.01.jpeg

Мен асықты 4-ші  сыныптан бері ойнаймын. Үйде тек мен ғана осы спорт түріне қызықтым. Осы уақытқа дейін түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым,- дейді елордалық Аружан Жақыпбек.

WhatsApp Image 2023-07-04 at 17.37.58.jpeg

WhatsApp Image 2023-07-04 at 17.37.59 (1).jpeg

 

 

Все новости