Астанада халықаралық әскери оркестрлер фестивалі өтеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/67fdd902_3be7_4b23_a205_307fe90e031d_1fc292dbbe.jpg)
Елорда күні «Астана мәдениет керуені» халықаралық әскери оркестрлер фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Оған Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан және Жапония Қарулы күштерінің әскери-музыкалық ұжымдары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық ұланның әскери оркестрлері қатысады.
Қорғаныс министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырып отырған бұл фестиваль мәдениетті дамытуға, бейбітшілік идеяларын ілгерілетуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Әскери оркестрлер фестивалін өткізу туралы ұсынысымызға сегіз ел қолдау білдірді. Бұл олардың бірегейлігін көрсетіп, танымал әуендер мен композицияларды орындау арқылы шығармашылық мүмкіндігін паш етуге жол ашады. Фестиваль қызықты өтетініне сенімдімін, – дейді Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов.
Алтыншы шілде күні сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін Band Marathon өтеді. Есіл өзені жағасындағы жазғы амфитеатр сахнасында бес жүзге жуық музыкант қатысатын он бір музыкалық ұжым өнер көрсетеді.
Келесі күні сағат 21.00-де Астананың бес алаңында әскери оркестрлер бір сағаттық «Перфоманс шоу» ұйымдастырады. ЭКСПО аумағында, «Бәйтерек» монументінде, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында, орталық саябақта және Ботаникалық бақта оркестр өнері шеберлерінің жарқын музыкалық композицияларын тамашалауға болады.
Іс-шаралар «Барыс Арена» көпбейінді мұз сарайында өтетін «Астана мәдениет керуені» гала-концертімен аяқталады. Онда елорда қонақтары мен тұрғындары қызықты музыкалық-театрландырылған қойылымның куәсі бола алады. Концертте әскери, классикалық, халықтық және эстрадалық әуендер шырқалады. Бірлескен нөмірлер, оркестрлер дефилесі, сондай-ақ қарумен көрсетілімдік қойылымдар ұйымдастырылады. Бұл жылдың ең жарқын және есте қаларлық көріністерінің бірі болмақ.
Басталуы сағат 12.00-де. Кіру тегін.
![](/img/articles/uploads/378677592_18382411876061421_5146567527962680493_n_ca5fa92152.jpg)
![](/img/articles/uploads/zhyur_c91a4856d1.jpg)
![](/img/articles/uploads/48bb205568b743e5ed8a3cfd82e3f690_1280x720_e59baf8644.jpeg)
![](/img/articles/uploads/f412ce1e_cf99_47d7_82d4_369924c5462d_ee994363cd.jpg)
![«Ел жүрегі – Елорда» атты оқушылар арасында шығармалар байқауы жарияланды](/img/articles/uploads/378677592_18382411876061421_5146567527962680493_n_ca5fa92152.jpg)
![Ерік Жолжақсынов: Астана мен Монте-Карло арасына «өнер көпірін» салдық](/img/articles/uploads/zhyur_c91a4856d1.jpg)
![Астана-25: Әлеуметтік бейнероликтер байқауы жарияланды](/img/articles/uploads/48bb205568b743e5ed8a3cfd82e3f690_1280x720_e59baf8644.jpeg)
![Елордаға 11 елдің цирк өнерпаздары келді](/img/articles/uploads/f412ce1e_cf99_47d7_82d4_369924c5462d_ee994363cd.jpg)
![Астанада халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалі өтеді](/img/articles/uploads/ERA_6835_f5ebfe08bc.jpg)
![Астанада шахмат фестиваліне қатысушылар гроссмейстерлермен ойнады](/img/articles/uploads/2023_07_13_15_41_53_b9df1ba21f.png)
![Мәулен Әшімбаев елордадағы шахмат фестивалінің басталуымен құттықтады](/img/articles/uploads/2023_07_12_17_14_34_46b82fa696.png)
![Елордада журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_07_12_at_15_59_32_0dbabe27f7.jpeg)
![Елордадағы Байқоңыр ауданы бесжылдығын атап өтті](/img/articles/uploads/bajkonyr_0d6cfb6e3d.jpg)
![«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды](/img/articles/uploads/56b2dad3_5de7_432d_8532_41ea96edab44_bf02b6903a.jpg)
![Астана музейлері](/img/articles/uploads/ultiiik_716c0538ec.jpg)
![Астана 1999 жылы ЮНЕСКО-ның жоғары сыйлығына ие болды](/img/articles/uploads/20_2_2ee6f74e85.jpg)
![Астана келбетінен сәулет өнерінің жарқын үлгілерін көргім келеді – Аманжол Чиканаев](/img/articles/uploads/chi_c6653ecb69.jpg)
![Астана туралы үздік әндер байқауына өтінім қабылдауға 2 күн қалды](/img/articles/uploads/122041e4_1eb0_460a_bfc3_086933f7dc03_ba140ee821.jpg)
![«Ел жүрегі – Елорда» атты оқушылар арасында шығармалар байқауы жарияланды](/img/articles/uploads/378677592_18382411876061421_5146567527962680493_n_ca5fa92152.jpg)
![Ұзын, қысқа және атаусыз: Астанада қандай көшелер бар?](/img/articles/uploads/6b68eb1f_4360_40c0_819c_4e46a24b143e_05dd9093c7.jpg)
![Астанада халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалі өтеді](/img/articles/uploads/ERA_6835_f5ebfe08bc.jpg)
![Астанадағы атауы ерекше көшелер](/img/articles/uploads/egemenchik_b8e3496d58.jpg)
![Ерік Жолжақсынов: Астана мен Монте-Карло арасына «өнер көпірін» салдық](/img/articles/uploads/zhyur_c91a4856d1.jpg)