00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астанада Бәйге түрлері бойынша республикалық жарыс өтеді

29.06.2023 | 16:14
131
фото: gov.kz

Биыл Астанада елорданың 25 жылдығына орай 50-ге жуық бұқаралық спорттық іс-шара өтеді.  Бұл туралы  Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Дәстүр бойынша Астана қаласының туған күні маусым айынан бастап тойланады. Солардың бірігейі «Қазақстан барысы» республикалық турнир туралы кеңінен айтып өтсем. Он жыл бойы үздіксіз өтіп келе жатқан турнир 2 шілде күні Барыс Арена спорт сарайында сағат 12.00-де басталады. Турнирге еліміздің әр өңірінен 41 спортшы қатысады. Одан бөлек  27 маусым күні ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ Халықаралық «Елорда Кубогы» турнирі басталған болатын. Барлығы 10 елден 200-ден астам спортшы жарыс медальдарына 2 шілде күніне дейін таласады.  Дәл сол күні Триатлон саябағында BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA ірі халықаралық жарысында триатлон әуесқойлары қайта бас қосатын болады,- деді Еркеғали Корбозов.

Брифинг барысында басқарма басшысы республикалық бәйге жарысы өтетінін мәлімдеді. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 30 млн теңге.

Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен елорданың 25 жылдығына орай бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді. Еңселі елорда төсін дүбірге толтыруға еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан тұяғымен жер тарпынған 100-ге тарта таңдаулы жүйріктер «Қазанат» атшабарында бақ сынайды. Ауыздығымен алысқан адуынды сәйгүліктер жеті шақырымдық «құнан» бәйге мен «жорға» жарысы, 15 шақырымдық «топ» бәйге және 22 шақырымдық «аламан» бәйге бойынша сынға түседі. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 30 млн теңге. Ұлы даланы ат дүбірімен шулататын бәйгеде барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамыз! Дода 6 шілде күні сағат 10:00-де басталады. Кіру тегін,- деді Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов.

Все новости