00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Аманжол Чиканаев: Астананы Дубайға ұқсатса, қуанамыз

14.06.2023 | 17:53
147
Фото: Аманжол Чиканаевтың жеке архивінен

Қазақстанның Құрметті сәулетшісі Аманжол Чиканаев  Elorda.info тілшісіне берген сұхбатында Астана келбеті туралы былай деді: 

-Астана Дубайға ұқсап кетті десе, біз, керісінше, қуанамыз. Дубай сияқты салтанатты алып та бай қала болғанын өзіміз де қаладық. Бірақ, тағы да қайталайын, қаражаттың аздығынан көңілдегі көрікті ойлар өз дәрежесінде жүзеге аспады.  Ал Астананың қазақтың бас қаласы екенін көрсету үшін баяғы қошқар мүйіз, киізүйлерді тықпалай берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Рас, Курокава бұл тарапта абстракті идеясын ұсынған. Яғни, қала ғимараттарын салғанда ұлттық нышанды емеурінмен білдіріп  тұру үшін қазақ тұрмысында көп кездесетін сопақша, жартылау сопақша, конус сияқты шартты белгілерді қолдануды айтты. Алайда, бұл пікірге де өз қосарымыз болды. Шетелдің әлемді мойындатқан, менмін деген сәулетшілерінің қиялы мен шығармашылығына ерік бермей, «олай ет, былай ет» десек, олар қолын бір сілтеп кетіп қалмай ма? Ал ортаңқол сәулетшілерге айтсақ, олар мұның астарын дендеп түсіне алмай, әйтеуір ұлттық нақышты қолдану осы екен деп айқұш-ұйқыш оюлап тастаса не болмақ? Сосын Курокаваға идеясын өзі қолға алып, қадағаласа деген ұсыныс тастадық. Алайда ол денсаулығына байланысты келе алмайтынын айтты. Сөйтіп, біз кәнігі сәулетшілердің қиялдарының шарықтауына тосқауыл қоймадық. Меніңше, Астананың қазақтың елордасы екенін нақты ұлттық нақыштарсыз-ақ, оның ерекше сәулетімен дәлелдеуге болады деп есептеймін. Мысалы, Бразилияның сәулетіне ешкім пәлендей мән бермейтін. Ал сәулетші Оскар Нимейер ел астанасының орталығын жобалағаннан соң, 60-жылдардан кейін жарқ етті. Содан кейін Бразилияны әлем сәулеті арқылы тани бастады. Бірақ онда ешқандай сол ұлтқа тән атрибуттар жоқ еді.

Сұхбаттың толық нұсқасын Elorda.info-дан оқуға болады.

Все новости