00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Марат Қарабаев ҚХР Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесті

02.07.2024 | 14:41
Олжас Сүлейменов
214
Марат Қарабаев ҚХР Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесті
Фото: дереккөз

Астанада Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытай көлік ведомствосының басшысы Ли Сяопэнмен кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті. Келіссөздер барысында қос тарап көлік инфрақұрылымы саласындағы нәтижелі ынтымақтастық пен екі ел арасындағы түсіністіктің жоғары деңгейі үшін өзара ризашылықтарын білдірді.

Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және сауда-экономикалық іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін көлік бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. 

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай көлік ведомстволарының басшылары көлік логистикасы және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

Все новости