00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

04.07.2024 | 17:35
Олжас Сүлейменов
140
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: дереккөз

Бүгін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Түркияның Табиғи ресурстар және энергетика министрі Алпарслан Байрактармен кездесу өткізді. Оның барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Түрік әріптестерін қарсы алған ҚР Энергетика министрі түрік компанияларының мұнай-газ жобаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.

«Электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастыққа қосымша серпін беру үшін біз алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды және озық әлемдік тәжірибені әзірлеу және енгізу, оның ішінде жоғары вольтты электр беру желілерін салу, энергияны сақтау жүйелерін жаңартылатын энергия көздеріне біріктіру мәселелерін талқылауға және тәжірибелермен алмасуға дайынбыз», - деп атап өтті А.Сәтқалиев.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мұнай-газ саласында ірі EPC келісімшарттарын сәтті жүзеге асырған «ENKA», «GATE Construction», «Senimdi Qurylys» сияқты бірнеше түрік компаниялары табысты жұмыс істеуде.

Түрік тарапы өз кезегінде қазақстандық газдың транзитіне, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды өндіру және барлау жобаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Түркия арасында жалпы энергетика саласында өзара тиімді және жемісті ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Все новости