Автобустағы жолаушыларды апаттан құтқарған оқушы «Ел қорғаны» медалімен марапатталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/22_dcd4566841.jpg)
Алматы облысында автобустағы жолаушыларды апаттан құтқарған 8–сынып оқушысы Ақжол Герой «Ел қорғаны» медалімен марапатталды, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы, Ақжолдың ата-анасы және «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Ақжолға батыл іс-әрекетінің арқасында жол-көлік оқиғасының алдын алғаны үшін ізгі тілектерін жеткізген.
«Сіздердің ұлдарыңыз сындарлы сәтте атына заты сай нағыз батыр екенін дәлелдеді», - делінген Ақжолдың ата-анасына жазылған алғыс хатта.
Естеріңізге саламыз, 22 қарашада Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі № 24 лицейдің 8 сынып оқушысы Ақжол Герой 219 бағдарлы автобусқа отырған болатын. Жолай жүргізушінің жүрек талмасы ұстайды. Мұны байқаған Ақжол жүргізуші кабинасына жүгіріп жетіп, тежегішті басып үлгереді. Соның арқасында автобус тұрғын үй қоршауына жарты метр ғана жер жетпей тоқтайды.
Өзі оқитын мектепте ержүрек оқушы ноутбукпен марапатталды. Сонымен қатар Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев оған алғыс хат пен соңғы үлгідегі iPhone 15 ұялы телефонын табыс етті.
![](/img/articles/9e59c314a95d4d5f02904784d3052305.jpg)
![](/img/articles/c2f0d666961dcb46aa696d77bafac5c6.jpg)
![](/img/articles/95fa27542952bd0d8e4beed32c325ae2.jpg)
![](/img/articles/4145958c13c690964eceb5aac0b40b82.jpg)
![ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірқатар құжатқа қол қойды](/img/articles/c2f0d666961dcb46aa696d77bafac5c6.jpg)
![ШЫҰ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепіл болатындай мүмкіндіктерге ие](/img/articles/95fa27542952bd0d8e4beed32c325ae2.jpg)
![Мемлекет басшысы: Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз](/img/articles/4145958c13c690964eceb5aac0b40b82.jpg)
![Әлем экономикасының өсіміне серпін беретін жаңа бағыт қажет – Президент](/img/articles/929c92c1d576f308159bfee2ed013d8b.jpg)
![Қазақстан мен Қытай білім саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады](/img/articles/eac018088433e61bc838a4c3877f5c32.jpeg)
![Әнші Индира Расылхан хиджабы үшін көптің сынына қалды](/img/articles/28ec7871832fafb2b6c9c4a225d4e5a8.jpg)
![Елордалық ұландықтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті](/img/articles/439e2252b6f3d6b87036b5f3bdf38864.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)