00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Алдағы үш тәулікте елімізде аптап ыстық болады

31.05.2023 | 23:00
108
Фото: turkystan.kz

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда аптап ыстық күтіледі, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаз Қазақстанның барлық өңірлеріне күнтізбе бойынша келеді. Антициклонның жотасы Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын айқындайтын болады, – делінген хабарда.

Тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ауа температурасы күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде +36+41°С дейін, шығыста +28+33°С дейін, орталықта +30+39°С дейін, оңтүстікте + 37 + 43°С дейін, оңтүстік- шығыста +30 + 37°С дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Все новости