00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Тарақандар қайдан пайда болады және олармен қалай күресу қажет

31.03.2023 | 23:14
Елорда ақпарат
280

Тарақандар қайдан пайда болады және олармен қалай күресу қажет? Бұл сұраққа Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде елорда тұрғындары үйде және тұрақты мекендерде тарақандардың пайда болуына байланысты жиі шағымданып жатыр.

2022 жылы елордалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тұрғындардан тарақандардың шағымы бойынша 13 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 9 тұрғынға дезинсекциялық өңдеулер жүргізу бойынша түсіндірме консультациялар берілді және 4 тұрғыннан жазбаша шағымдар түсті. Олардың барлығы пәтер жалдап тұратыны белгілі болды.

Астана қаласында пәтерлерде ең көп таралған түрі- қызғылт сары  тарақандар. Қарапайым халық арасында қызғылт сары тарақандарды- мұртшалар деп атайды. Бұл жәндіктер өмірдің барлық жағдайларына тез бейімделіп, үлкен колонияларда өмір сүреді.

Ыңғайлы өмір сүру үшін қызғылт сары мұртшалар оқшауланған жерлерді қажет етеді. Оларда аналық жұмыртқаларын бөтен көздерден толығымен жасыру үшін салады.

Қызғылт сары тарақандар - тамақтың барлық түрін  қорек етеді, себебі дара күйінде тамақ өнімдерінің барлық түрлерін сіңіреді. Бірақ бәрінен бұрын олар тәттілерді жақсы көреді. Егер тамақ жоқ болса, олар қағазды, сабынды, пластикті және тіпті өлекселелерменде қоректенеді. Тамақсыз олар 1,5 айға дейін, сусыз – 7 күнге дейін өмір сүре алады, - деді Сархат Бейсенова.

Тарақандардың пайда болу себебі: адамның сөмкесінде көшіп-қонып, жұмысқа және пәтерге киіммен, аяқ киіммен келеді. Көрші пәтерге салақ адамдар қоныстанған кезде.

Локализация орындары: ыдыс-аяқта немесе жиһазда ұсақ қара нүктелер пайда болады-бұл тарақандардың қалдықтары, жәндіктер жұмыртқаларын бұрыштар мен жарықтарға салады. Олар лас ыдыс-аяқтар көп болатын жерлерде қуана өмір сүреді. Тарақандар қоқыс жәшігіне оңай жететін жерде тез көбейеді, содан соң қоқыс жәшігін қойып, басқа жерді іздеуді жалғастырады, әсіресе қоқыс жәшігі қақпақпен жабылмағаны оларға тиімді.    

Сондықтан, тарақандар пәтерде пайда болғаннан кейін бірден құтылу керек. Мұны мүмкіндігінше ертерек жасау керек, өйткені бұл жәндіктер өте тез көбейеді.

«Денсаулық сақтау жүйесіндегі Халық денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 107-бабының 1-тармағына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен жүйелі негізде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша дезинфекция, дезинсекция жүргізуге міндетті.

Осыған байланысты, Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға кеңес береді:

1.Тарақандардың пәтерге ену жолдарын анықтаңыз. Егер олар көршілерден қоныс аударған болса, қайсысынан және ену фактілерін анықтаған кезде дезинфекциялық қызметтердің көмегін пайдалануға ұсыныс айтудан тартынбаңыз.

2.Ең алдымен, пәтерге жәндіктердің кіретін жерлері жарықтарды жабу керек, мысалы розеткаларға тығын қою керек. Жәндіктер тіпті мінсіз таза пәтерлердің өзінде де пайда болады. Тазалықты қатаң сақтап, оларға қолжетімді тамақ пен суды тазарту маңызды. Сондай-ақ, баспанаға жәндіктердің кіру жолдары жоқтығын қадағалаңыз.

3.Бүгінгі таңда тарақандардың көбеюін тоқтатудың ең тиімді әдісі-оларды күшті және тиімді инсектицидтермен тікелей жою-химиялық инсектицидтерді қолдану және мамандандырылған қызметтермен пайдалану.

4.Тазалау аяқталғаннан кейін инсектицидтің әсерін біраз күту қажет, содан кейін пәтерді мұқият тазалау керек.

  Жәндіктерді жою жөніндегі іс-шаралар Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің функциялары мен құзыретіне кірмейтінін атап өту қажет.  Қызметтің бұл түрін жеке кәсіподақ ұйымдары орындайды, елордада олардың  25-тен астам түрі бар.

Все новости