00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде ДДСҰ-ның сайты бұғаттан шығарылды

31.03.2023 | 22:07
Елорда ақпарат
99

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты жұмыс істеп тұр, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған дейін Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайты бұғатталған болатын.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен (Сыртқы істер министрлігі) бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына қолжетімділікті қалпына келтіру мәселесін пысықтады, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Еске салайық, өткен жылы 14 қазанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайтына (ww.who.int) бұл ресурста пайдаланушыларға суицидтің нақты әдістері, тәсілдері мен ұсынымдары ұсынылатындығын дәлелдей отырып қолжетімділік шектелген еді.

Все новости