«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының жеңімпазы анықталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/uslugi_glavka_e20e4a4f9e.jpg)
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдар арасында үздік мемлекеттік қызмет көрсетушіні анықтауға бағытталған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының қорытындысын шығарды, деп хабарлады Elorda.info.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам қызмет көрсетуші қатысты. Қатысуға ниет білдергендер қатарында Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының қызмет көрсетушілері жоғары белсенділік танытты.
Республикалық комиссияның шешімімен Абай облысы Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» атағына ие болды.
Сонымен қатар, осы номинацияда бірінші орынды Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің Шоғы Мұналы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі, екінші орынды Шымкент қаласының Әділет департаменті, үшінші орынды Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы иеленді.
Республикалық комиссияның құрамына Агенттік және Мемлекеттік басқару академиясы, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері, мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылар кірді.
Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар республикалық комиссияға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бейнепрезентацияларын ұсынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оларды көрсетудегі бюрократиялық кедергілерді жою бойынша «Адамдар ең алдымен» тақырыбындағы жобаларын қорғады
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы Агенттікпен биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Конкурс жеңімпаздары 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған салтанатты іс-шарада марапатталады.
![](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![](/img/articles/54f0d36825ad440a6c34d43ebea71935.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![Түркістанда шетелге жұмысқа бару үшін ата-аналар балаларын мешітке тастап кеткен](/img/articles/54f0d36825ad440a6c34d43ebea71935.jpg)
![Ұлттық банк алаяқтыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/62e924c8bca6c66151c7214a8327a26f.png)
![Елімізде жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін](/img/articles/ea3863871618e6062750a9427644bf4a.jpeg)
![«Отау» бағдарламасы бойынша алғашқы 300 ипотека берілді](/img/articles/1a60f798d4e27b4337c27cda5a7846a2.jpeg)
![Үкімет Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөледі](/img/articles/a3d511f30d7ee5ca05b93880eb749594.jpeg)
![Биыл 7 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды](/img/articles/949345ebe2bcc04f3412a27bd5ecc776.jpg)
![25 мың қазақстандық кене энцефалитіне қарсы екпе салдырды](/img/articles/5b57aeaf23f17cd03a90059f2d1229f5.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)