00:00
Астана -10oC
USD:
463.77
EUR:
495.49
RUB:
5.31
Поиск

Волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға 70 млн теңге бөлінеді

27.05.2024 | 13:08
Торғын Аман
128
Волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға 70 млн теңге бөлінеді
фото: qazvolunteer.kz

Қазақстанның барлық өңірлерінде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру бойынша шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Конкурсқа қатысу өтінімдерді Birgemiz жобаларын жүзеге асыратын 8 үкіметтік емес ұйым 25 сәуірден 31 мамырға дейін қабылдайды. Birgemiz гранттар бағдарламасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылуда. Бұл мемлекеттік гранттарды еріктілер болып табылатын кәмелетке толған қазақстандықтар, сондай-ақ бастамашыл топтар мен ҮЕҰ ала алады. Биылғы жылы конкурс аясында әрқайсысы 300 мың теңгені құрайтын 240 шағын грант беріледі.

Birgemiz жобасының еріктілер бастамалары келесі бағыттарды қамтиды:

• BIRGEMIZ: Bilim;

• BIRGEMIZ: Saýlyq;

• BIRGEMIZ: Sabaqtastyq;

• BIRGEMIZ: Taza Álem;

• BIRGEMIZ: Asyl mura;

• BIRGEMIZ: Qamqor;

• BIRGEMIZ: Úmit;

• BIRGEMIZ: Ayala.

«Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 31 мамырға дейін ұзартылды. Ал конкурстың қорытындыларын шығару және іріктеу нәтижелерін жариялау 2024 жылғы 18 маусым күні өтеді. Конкурсқа қатысу үшін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтында көрсетілген құжаттардың толық пакетін дайындау және тапсыру қажет», - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.

Все новости