Биыл балабақшаларда 77 мыңнан астам жаңа орын ашылады
![Биыл балабақшаларда 77 мыңнан астам жаңа орын ашылады](/img/articles/d2fd37184f60847c0321002eb8970744.jpeg)
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленіп, бекітілді. Биыл балабақшаларда 77 мыңнан астам орын ашылады деп жоспарлануда, деп хабарлады Elorda.info.
Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаменті директоры Манар Адамованың айтуынша, 2024 жылдың үш айында 8 849 орынға арналған 125 мектепке дейінгі ұйым ашылды.
Жаңа орындар ашу – мектепке дейінгі ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы, тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы көзделуде. Соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алудың кезектілігі екі есеге төмендетілді. Бүгінгі таңда 2-6 жастағы балаларды қамту 91% құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Манар Адамова.
Сонымен қатар балабақшаларда орындарды бөлу процесінің ашықтығы үшін кезектілікті есепке алудың бірыңғай базасы құрылды. Өтінішті электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және жергілікті атқарушы органдардың платформалары арқылы беру сияқты бірнеше тәсілдермен жүзеге асыру мүмкіндіктері іске қосылды. Қазір жоба еліміздің төрт өңірінде жүргізілуде.
Жалпы елімізде 11 472 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 1 миллионға жуық бала қамтылған.
![](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![](/img/articles/54f0d36825ad440a6c34d43ebea71935.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![Түркістанда шетелге жұмысқа бару үшін ата-аналар балаларын мешітке тастап кеткен](/img/articles/54f0d36825ad440a6c34d43ebea71935.jpg)
![Ұлттық банк алаяқтыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/62e924c8bca6c66151c7214a8327a26f.png)
![Елімізде жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін](/img/articles/ea3863871618e6062750a9427644bf4a.jpeg)
![«Отау» бағдарламасы бойынша алғашқы 300 ипотека берілді](/img/articles/1a60f798d4e27b4337c27cda5a7846a2.jpeg)
![Үкімет Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөледі](/img/articles/a3d511f30d7ee5ca05b93880eb749594.jpeg)
![Биыл 7 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды](/img/articles/949345ebe2bcc04f3412a27bd5ecc776.jpg)
![25 мың қазақстандық кене энцефалитіне қарсы екпе салдырды](/img/articles/5b57aeaf23f17cd03a90059f2d1229f5.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)