00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 575 қылмыс ашылған

16.02.2024 | 06:45
65
Фото: дереккөз

Ішкі істер органдарында қызметтік-іздестіру иттері із кесу, патрульдік, есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бағыттары бойынша қызмет атқарады.

Төрт аяқты көмекшілер қылмыстарды ашуда кеңінен қолданылады. Жақында ғана Ақтөбе облысында автокөлікті тексеру кезінде қызметтік-іздестіру итімен шамамен 60 кг есірткі табылып, тәркіленді. 

Олар қылмыскерлер мен жоғалған адамдарды, балаларды табуға көмектеседі. Осылайша 16 қаңтарда Қарағандыда үшінші сынып оқушысы жоғалды, өзімен бірге ұялы телефоны болмаған. Алайда ит сол күні иіс іздері арқылы баланы тапты. 

Есірткі контрабандасының фактілерін болдырмау мақсатында меморандум шеңберінде тұрақты негізде «Қазпошта» филиалдарында пошта жөнелтілімдері тексеріледі. Бұған қоса, кинолог мамандар әуежай мен вокзалдарға, пойыздарға тексерістер жүргізеді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинологиялық қызмет бөлімінің бастығы Алмас Күнтуов.

Барлық жаңалықтар