Зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсетеміз - мемлекет басшысы
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/prezidddd_fd89981fa6.webp)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қарасты Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мен Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға көңіл айтамын. Бұл – қасірет. Бәрін түсінемін. Апат болды. Апаттың кесірінен көптеген адам қаза тапты. Сондықтан бұл жерге арнайы келдім. Тиісті шаралар қабылдаймыз, соның ішінде зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеміз. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары ешқандай мұқтаждық көрмеуі үшін Үкімет, әкімдік және қайырымдылық ұйымдарының алдында жан-жақты көмек көрсету міндеті тұр, – деді Мемлекет басшысы.
Президент бүкіл еліміз бойынша 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын және «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты тиісті шара қабылданатынын жеткізді.
Ертең бүкіл еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланады. Мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек. Басин Вадим Борисович деген азамат бар. Сіздер оны білесіздер. Ол бір кездері «АрселорМитталда» жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды. Мен оған қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, жер астында қалған кеншілерді құтқару, зардап шеккен және қаза болған азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету – кезек күттірмейтін міндет.
Ең алдымен, құтқару жұмыстары жүргізіледі. Екіншіден, зардап шеккендер мен медициналық көмекке мұқтаж азаматтардың нақты санын анықтауымыз керек. Үшіншіден, осы апаттан зардап шеккендердің барлығының отбасына материалдық көмек көрсетеміз. Егер қажет болса, арнайы қор ашамыз. Мұнымен өзім айналысамын, – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі уақытта кеншілердің зейнетке шығу жасына қатысты мәселе қарастырылып жатқанын айтты.
![](/img/articles/44c8459f4d9f30928c09edd676527d82.jpeg)
![](/img/articles/729965c75ff8649581c91f1559aa9e2e.jpg)
![](/img/articles/d9ca1b0e34d7b7d4336acaf997aee418.jpg)
![](/img/articles/dc03b871e8f70b629115650bb7a33792.jpg)
![Қосшыда полиция есірткі жасырып кетушіні қолға түсірді](/img/articles/44c8459f4d9f30928c09edd676527d82.jpeg)
![Алакөлде адамдар мінген дельтплан суға құлады](/img/articles/729965c75ff8649581c91f1559aa9e2e.jpg)
![Билетсіз жолаушыны мінгізген пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды](/img/articles/d9ca1b0e34d7b7d4336acaf997aee418.jpg)
![Елордада жол үстінде төбелескен екі жүргізуші қамауға алынды](/img/articles/dc03b871e8f70b629115650bb7a33792.jpg)
![«Купальникпен шомылуға болмайды»: Желіде өзін мұғалім деп таныстырған әйелдің видеосы тарады](/img/articles/e2d0598df5c2613d7e2cf95de25c4ca0.webp)
![Ақтауда әскери бөлімнен 18 жастағы сарбаз жоғалды](/img/articles/dcf9e4f17b9815d7ef13ee6323bcdc0f.jpg)
![Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті](/img/articles/dafccc7c0657bb4d3bd6a285fcb937b0.jpg)
![Елордалықтарды балабақшадан орын алып беремін деп алдаған күдікті ұсталды](/img/articles/f82b81a2946cec5f846e78f2bb284926.jpeg)
![ҰҚК 4 өңірде радикалдарды ұстады](/img/articles/02ca42aeb11d1fca45f70aa641fa2416.jpeg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/6ae66c1b04cb624b36ef1b9c752af57a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)