00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шымкенттіктер «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасына 700 млн теңге салған

17.11.2023 | 06:30
37
Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Шымкент тұрғыны 2022 жылғы қарашамен 2023 жылғы сәуір аралығында аталған қаржы пирамидасының қаладағы филиалын басқарған. Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіріп, қаржы пирамидасына 200-ден аса салымшыны тартқан, - деп жазылған ҚМА таратқан хабарламада.

Бүгінде күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Агенттік қаржы пирамидасын құрғандар жауапқа тартылатынын ескертеді.

Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеміз. Қазақстандықтарды қырағы болуға және ақшасын күмәнді қаржы ұйымына салмауға шақырамыз, - деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар