00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Полицейлерді көлігімен сүйреген жүргізуші қамалды

11.08.2023 | 11:30
54
Фото: видеодан скрин

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің патрульдік қызметкерлері аймақ аралау барысында жолда жүру ережелерін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатқан, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері заңшеңберінде көлік жүргізушісіне автокөліктен түсіп, құжаттарын көрсетуін сұраған уақытта жүргізуші олардың заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан ізінсуытпақ болған. 

Жүргізуші дөрекілік танытып, өзін өтеагрессивті ұстаған. Қарсылық көрсеткеннен бөлек, ол көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, көлікті тоқтату мақсатында әрекеттенген полицейлерді автокөлігімен 500 метрге дейінгі қашықтыққа сүйрей жөнелген. Соның салдарынан полиция қызметкерлері түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағына (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Көлік жүргізушісі Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Күдікті үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Қазіргі уақытта полицейлерге қарсылық көрсету, күш қолдану деректеріне қатысты қылмыстық істердің ақталмайтын негізде қысқарту тәжірибесі тоқтатылғандығын ескертеміз, – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов. 

Айта кететін жайт, жыл басынан Қызылорда облысында полицейлерге қарсылық көрсетудің 6 дерегі болған.  

Барлық жаңалықтар