Полицейлер жаңа туған сәбилерді сатпақ болғандарды анықтады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/whatsapp_image_2023_11_27_at_120302_124d6cc11e.jpeg)
Елімізде «STOP-трафик» кезекті республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Операция барысында 39 қылмыс анықталды:
- ағза саудасының 1 фактісі;
- еңбекке тарту мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі;
- адам саудасының 7 фактісі;
- жезөкшелікпен айналысуға тартудың 4 фактісі;
- притон ұстау және жеңгетайлықтың 24 фактісі.
Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған баланы сату фактісін анықтады.
Облыстың 24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушыларды іздеумен айналысқан.
Соңында ол балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған.
Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған.
Бұл факт «Кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.
Шымкентте жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір фактісі тіркелді.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жас әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады. Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Факт Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылды. Күдікті қамауға алынды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
![](/img/articles/44c8459f4d9f30928c09edd676527d82.jpeg)
![](/img/articles/729965c75ff8649581c91f1559aa9e2e.jpg)
![](/img/articles/d9ca1b0e34d7b7d4336acaf997aee418.jpg)
![](/img/articles/dc03b871e8f70b629115650bb7a33792.jpg)
![Қосшыда полиция есірткі жасырып кетушіні қолға түсірді](/img/articles/44c8459f4d9f30928c09edd676527d82.jpeg)
![Алакөлде адамдар мінген дельтплан суға құлады](/img/articles/729965c75ff8649581c91f1559aa9e2e.jpg)
![Билетсіз жолаушыны мінгізген пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды](/img/articles/d9ca1b0e34d7b7d4336acaf997aee418.jpg)
![Елордада жол үстінде төбелескен екі жүргізуші қамауға алынды](/img/articles/dc03b871e8f70b629115650bb7a33792.jpg)
![«Купальникпен шомылуға болмайды»: Желіде өзін мұғалім деп таныстырған әйелдің видеосы тарады](/img/articles/e2d0598df5c2613d7e2cf95de25c4ca0.webp)
![Ақтауда әскери бөлімнен 18 жастағы сарбаз жоғалды](/img/articles/dcf9e4f17b9815d7ef13ee6323bcdc0f.jpg)
![Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті](/img/articles/dafccc7c0657bb4d3bd6a285fcb937b0.jpg)
![Елордалықтарды балабақшадан орын алып беремін деп алдаған күдікті ұсталды](/img/articles/f82b81a2946cec5f846e78f2bb284926.jpeg)
![ҰҚК 4 өңірде радикалдарды ұстады](/img/articles/02ca42aeb11d1fca45f70aa641fa2416.jpeg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/6ae66c1b04cb624b36ef1b9c752af57a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)