00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Павлодар облысында жол апатынан екі адам мерт болды

14.01.2024 | 09:00
53
фото: ашық дерек

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Екібастұз 1-МАЭС станцияға баратын көпірде Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі Volvo маркалы автобусты басып озып, қарсы жолаққа шыққан кезде Audi жеңіл көлігімен соқтығысты. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы  жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады департамент.

Жол апатына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. 

Барлық жаңалықтар