00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Павлодар облысында жол апатынан екі адам ажал құшты

09.11.2023 | 09:00
54
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Elorda.info ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 қараша күні сағат 21.00-де Астана – Павлодар автожолында Lada көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, өз көлігін жөндеп жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісін қағып кеткен. Осыдан кейін Lada автокөлігі КамАЗ көлігінің артқы жағынан соққан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан КамАЗ жүргізушісі мен Lada көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жеңіл автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Барлық жаңалықтар