00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Қостанай облысында есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды

29.01.2024 | 15:00
37
Фото: Polisia.kz

Polisia.kz.сайтының жазуынша төрт күдікті қамауда отыр. Полицейлер 300-ден 500 граммға дейінгі есірткі партиясын алған жас ерлі-зайыптылар, үйлерінде zip пакеттерге шағын дозаларға салып, одан әрі “қойып кету” арқылы таратқандығы анықтады.     

Әрқайсысында осындай 30-40 пакет болған. Қара нарықта синтетикалық препараттың жарты келісі шамамен 15 миллион теңгені құрайды. – Біз 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні, ақшаны және травматикалық қаруды тәркіледік. Заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қылмыскерлердің айтуынша, бұл мефедрон мен PVP болды, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Қылмыстық кодекске сәйкес алдын ала келісу арқылы есірткіні заңсыз өткізгені үшін қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. 

 Қостанай облысының ПД өткен жылы заңсыз айналымнан 430 келі есірткі, оның ішінде 10 келіден астамы синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар