00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Иісшіл иттердің көмегімен 6 тоннадан астам есірткі қылмысы ашылды

24.10.2023 | 12:00
27
Фото: дереккөз

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері иісшіл иттердің көмегімен  260-тан астам есірткі қылмысы ашылған, деп хабарлады Elorda.info  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда қазақстандық полицияда 700-ге жуық қызметтік ит бар.

ІІМ Кинологиялық орталығында қызметтік иттерді жаттықтырудың және полиция, Ұлттық Ұлан, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін кәсіби оқытудың бірегей бағдарламалары әзірленді. Орталықтың мамандарымен иттерді жаңа психикобелсенді заттар іздеуге үйретудің әдістемесі әзірленді.  Биыл өздерінің жануарларымен бірге кинологотардың қатысуымен 260-тан астам есірткі қылмысы ашылды, 6 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 7,5 келіден астам синтетика тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің кинологиялық қызмет басшысы Алмас Кунтуов.

Барлық жаңалықтар