00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Халық Қаһарманы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

29.10.2023 | 10:30
50
Фото: inbusiness

«ҚР Қарулы күштері ардагерлері» РҚБ төрағасы, армия генералы, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев Қарағанды шахтасындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілер отбасына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Туған қалам - Қарағанды шахтасындағы қайғылы оқиға туралы естіп, бүкіл қазақстандықтармен бірге қабырғам қайысуда. «Тас түскен жеріне ауыр» дейді қазақ. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері атынан, жеке өз атымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақпыз дегім келеді. 

Қиындығы мол, қауіп-қатерге толы шахтер еңбегінің бағасын өз басым жақсы білемін. Өйткені сол Костенко атындағы шахтада бес жыл бойы проходчик болып еңбек еттім. Осы жағдайды жүрегіме жақын қабылдағаным да сондықтан шығар.

Оқиға орнына Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев барып халықпен кездесті, щұғыл шешімдер қабылдауға нұсқаулар берді. Сондай-ақ, Президент ешкімнің мемлекет қамқорлығынан тыс қалмайтынын нықтап айтты. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық тоқтатылатын болды. Енді қарапайым халықтың жағдайын жасайтын жаңа инвестор келеді деп үміттенейік.

 Бүгін Қазақстанда қаралы күн, 29 қазан – Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.  «Қайғыны бөліссе азаяды» дейді халық даналығы, ендеше жұдырықтай жұмылып, елдігімізді танытсақ, бұл қиындықты да еңсеретініміз анық, - деді «ҚР Қарулы күштері ардагерлері» РҚБ төрағасы, армия генералы, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев.

Барлық жаңалықтар