00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Гана азаматтары елордада заңсыз еңбек еткен

21.12.2023 | 09:00
48
Фото: видеодан скрин

Астана қаласы Полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері жүргізген рейд барысында көлік жуу орнында заңсыз жұмыс істеп жүрген Гана Республикасының төрт азаматын анықтады, деп хабарлады Elorda.info

Белгілі болғандай, шетел азаматтары елордаға бір апта бұрын келгенімен, жергілікті атқарушы орган беретін тиісті рұқсат қағазы болмаған. Жұмыс беруші шетелдік азаматтарды рұқсатсыз жұмысқа алған. Бұл азаматтардың өздерімен бірге жеке бастарын куәландыратын құжаттары да болмаған.

Қазіргі уақытта аталған 47, 35, 29 және 23 жастағы шетелдіктер Астана қаласы Полиция департаментінің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін оларға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген хабарламада

Заңсыз мигранттарды жұмысқа алған жұмыс беруші де Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлық жаңалықтар