00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Есірткі зертханасын ашқан шетелдік азамат ұсталды

21.07.2023 | 14:00
33

Елорда полицейлері шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлады Elorda.info  Polsia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы құрылған жедел-тергеу топ, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлерінің қатысуымен, Астанада және Қарағанды облысында тыйым салынған заттарды өндіру үшін елге келген Украина Республикасының 52 жастағы азаматы басқарған қылмыстық топтың 7 қатысушысын бір мезгілде ұстады.

Шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасынан 22 келі “синтетика” және 2 тоннадан астам прекурсор тәркіленді  Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері ІІМ ЕҚҚІД бірлесіп, прокуратурамен келісілген жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізу барысында синтетикалық есірткі өндірумен және оларды Қазақстан аумағында сатумен айналысатын қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.  

Синтетикалық есірткі жасау үшін қаскүнем Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Керней ауылында жеке үй сатып алып, Қазақстанның жеті азаматын жалдаған. Анықталғандай, ұсталғандардың әрқайсысының “қылмыстық тізбекте” өз рөлдері болған, – деді Астана қаласы ПД бастығы Марат Төлебаев. 

Алғашқы болып, Астана – Қарағанды тас жолында полицейлерге қылмыстық топта тасымалдаушы болған елорданың 43 жастағы тұрғынын ұсталды. Бұдан әрі жедел іс-шараларды өткізу барысында қылмыстық топ жетекшісінің өзі де есірткі дайындау кезінде қылмыс үстінде ұсталды.  Есірткі зертханасын тінту кезінде өндірілген “синтетиканың” 22 келісі тәркіленді, бұл тұтынушыға жетпейтін және жойылатын 100 мыңға жуық бір реттік дозаны құрайды. Сондай-ақ ол жерден екі тоннадан астам прекурсор, екі реактор, химиялық қорғаныс костюмдері және синтетикалық есірткі өндіруге арналған басқа да зертханалық жабдықтар табылды. 

Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Синтетикалық есірткі дайындауға арналған прекурсорлар мен жабдықтарды жеткізу арналарын және өзге қатысушыларды анықтау жөніндегі жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр,-делінген полиция таратқан ақпаратта.
 

Барлық жаңалықтар