00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елімізде үй жануарлары жол-көлік оқиғаларына себеп болып, 8 адам қаза тапқан

14.06.2023 | 18:00
76
Фото: bizmedia.kz

Республикалық трассаларда 300-ден астам қауіпті учаске бар. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – үй жануарларының жолдарға шығып кетуі, деп хабарлады Elorda.info.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, осы жылдың соңғы бес айында жануарлар 32 жазатайым оқиғаға себеп болған. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 41 адам зардап шеккен. 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көп тіркелген республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде жол қызметкерлері жылқы мен сиырдың муляждарын орнатып жатыр. 

Барлық жаңалықтар