00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Екібастұз Жылу электр орталығында тағы апат болды

10.12.2023 | 06:30
50
Фото: «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС

Екібастұз Жылу электр орталығында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлады Elorda.info «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС-ға сілтеме жасап.

«10 желтоқсан, сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭС-тің күл шығаратын құбырында ақау анықталды. Сағат 05.30-да зақым жойылды.

Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінде багер сорғысын су басып қалды. Резервте болған екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

Екібастұз ЖЭО мен Екібастұз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының күшімен суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онымен қоса, станцияның багер сорғысын ауыстырып, одан әрі іске қосу үшін резервті қозғалтқыш дайындалды», - делінген хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты істеп тұр (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехіндегі 3 қазандық уақытша мазутпен жағылып жатыр.

«Жақын уақытта багер сорғысын іске қосу бойынша барлық жұмыстар аяқталатын болады. Кейін су жылыту қазандықтары графикке сәйкес көмірге ауыстырылып, стандартты жұмысы қалпына келтіріледі», - деді компаниядан.

Еске салайық, таяуда ғана қатты дауыл салдарынан Екібастұз ЖЭО электр қуатынсыз қалған болатын.

Ал 2022 жылдың қараша айында «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ның жылу желілерінде апат болып, қалада төтенше жағдай орын алған еді.

Биылғы қарашада Павлодар облысы Екібастұз қалалық соты «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бас директоры М.-ға, «Екібастұз жылу электр орталығының» директоры В.-ға және «Екібастұз жылу желілері» директоры Г.-ға қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан, қызметтеріне адал қарамау салдарынан өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.

Барлық жаңалықтар