00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Баланы байлап, қараусыз ғимаратқа тастап кеткен әйел анықталды

20.07.2023 | 06:45
131
фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің қыз баланың аузын жауып, қолын байлап жатқан видеосы тараған болатын.  Бұл туралы  Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева өзінің Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Қыз бала табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады,- деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Айта кетейік, оқиға Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында болған. Бейнежазбадан әйел адамның шамамен 7-8 жасар қыздың аузы мен қолын байлап, қараусыз ескі ғимаратқа апара жатқаны көрсетілген. 

Барлық жаңалықтар