00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Автобусты іздеп қайтеді»: Майқайыңда жоғалған құтқарушының әйелі мәлімдеме жасады

07.02.2024 | 03:34
50
фото: Павлодар облысы ТЖД

Нұрсұлу Шәймерденнің сөзінше, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген бір ай ішінде «МайқайыңАлтын» кәсіпорнының білікті мамандары тартылмаған. Олар жер жағдайын жақсы білер еді дейді. Тек, жекеменшік құтқару қызметтеріне жүгінген. Ол осы уақытқа дейін тек автобусты іздеп жатқандарына айран-асыр.  

Бәлкім алғашқы күні денесі табылған екі құтқарушы секілді мына екеуінің де денесі шұңқырдың бір бұрышында топырақ астында жатқан шығар. Біз солай екеніне сенімдіміз. Темір-терсек автобусты іздеп қайтеді? Одан да адамдарды іздесін. Әлбетте, іздестіру кезінде басқа құтқарушыларға төнген қауіптің бар екенін түсінеміз. Алайда, осылай орта жолда қалдыру адамгершілікке жатпайды ғой. Жұмыстарды тоқтатуға болмайды. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жалғастыру қажет деп есептеймін, - деп күйінеді құтқарушының әйелі. 

Айдос Шәймерденнің жары өзінің және туыс-туғандарының атынан жедел штабқа бірнеше талап қойды.

Біріншіден, екі адамды іздестіру жұмыстарын тоқтатпасын. Екіншіден, автобус құлаған тұста жоғалғандардың денесі жатуы мүмкін жерлерді тексерсін. Үшінші, кинологиялық қызметті қайтадан тартсын. Төртіншіден, еліміздің басқа аймақтарынан немесе Ресей елінен тәжірибелі мамандарды алдыртсын, - дейді ол.

Барлық жаңалықтар