00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Іздеу

Қарағанды облысында көмір шахтасынан өрт шықты

17.08.2023 | 08:00
118
Фото: дереккөз

Өртеніп жатқан «Қазақстан» шахтасынан 182 адам жер бетіне шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, шахтада 227 адам болған. Қазіргі таңда 45 адам қалып отыр.

17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Аварияны жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен 5 техникасы) және Төтенше жағдайлар департаментінің (8 маманы мен 2 техникасы) 3 бөлімшесі барды, - делінген «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Барлық жаңалықтар