00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды

25.02.2024 | 05:18
42
Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматыда сағат 10:16-да жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде) орналасқан. MSK-64 шкаласы бойынша тұрғындарға 3 балдық дүмпу сезілген. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде. Эпицентр мен сезгіштігі туралы мәлімет нақтылануда.

Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді. Қаланың ғимараттары мен құрылыстары және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде, - деп хабарланды ведомствада. 

Барлық жаңалықтар