Ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
![Ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды](/img/articles/7e565abdb0977123df53a8855cbe89ed.jpeg)
Ішкі істер министрлігі топтық бопсалау қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Әсіресе жастар арасындағы пайдакүнемдік пиғылмен ғана емес, сонымен қатар ерекше дөрекілікпен, менмендікпен жасалатын, кейде қоғамдық резонанс тудыратын жағдайлар ерекше бақылауда, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастар тобын ұстады. Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер өзгелерді қорқыту және өздерінің басымдылығын көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен осы жылдың мамыр айында жастарды бопсалаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Топ мүшелеріне осындай 10 фактіге қатысы бар деген айып тағылып отыр. Олар жәбірленушілерді қорқытып, 2 млн теңгеге дейін алған. Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленушілер суицид жасауға дейін барғанын атап өткен жөн. Осындай оқиғалардың бірінде қорлық пен соққыға шыдамаған 22 жастағы жігіт өзін-өзі өлтіруге оқталған.
Топ мүшелерін ұстау кезінде олардан травматикалық және суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткі тәркіленді. Барлық күдікті қамауға алынды. Жәбірленушілерге қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
![Ақтауда бетін тұмшалап, автоматпен жүрген қыздар елді шошытты](/img/articles/010cee8ff7beaa122994cf8211861653.jpg)
![Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды](/img/articles/b14d2afa28462d8220ae025566a8e78e.jpeg)
![Шымкенттегі алапат өрттен 10 адам медициналық көмекке жүгінген](/img/articles/d2f8917ca30699fae01b162fc5786b09.webp)
![Алматы облысында тауға шыққан 2 жасөспірім құтқарылды](/img/articles/df520189a7f6358b7f85d9da957d83ee.jpeg)
![Атырауда субұрқақта үш жасар бүлдіршін қаза тапты](/img/articles/bf2d4e6b96b86bd3157eae2280e6642b.jpg)
![Рудный қаласында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/ed442845591bb7f086a0ba593b88cdb3.jpg)
![Қосшыда полиция есірткі жасырып кетушіні қолға түсірді](/img/articles/44c8459f4d9f30928c09edd676527d82.jpeg)
![Алакөлде адамдар мінген дельтплан суға құлады](/img/articles/729965c75ff8649581c91f1559aa9e2e.jpg)
![Билетсіз жолаушыны мінгізген пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды](/img/articles/d9ca1b0e34d7b7d4336acaf997aee418.jpg)
![Елордада жол үстінде төбелескен екі жүргізуші қамауға алынды](/img/articles/dc03b871e8f70b629115650bb7a33792.jpg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)