00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ақтөбеде жас жігіттен құны 2,7 млн теңге болатын есірткі тәркіленді

20.10.2023 | 07:00
42
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде жас жігіттен мефедрон салынған 100 жасыл түсті түйіншек табылған, деп хабарлады Elorda.info

 Polisia.kz  сайтының жазуынша, сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат аса ірі көлемдегі мефедрон синтетикалық психотроптық өнім екені анықталған.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында 26 жастағы екі азаматты тоқтатты. Санкцияланбаған жеке тінту барысында олардың бірінің қолсөмкесінің ішінен жасыл түсті ұнтақ зат салынған 100 дана көлеміндегі түйіншек табылып, тәркіленді.  Табылған заттың қара нарықтағы бағасы – 2,7 млн теңге.- деп жазды дереккөз. 

Осы дәйек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша  үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктінің бірі  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Барлық жаңалықтар