00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ақтөбеде 24 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

20.09.2023 | 12:00
65
Фото: дереккөз

Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған 56 жастағы қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Elorda.info

Polisia.kz Telegram арнасының жазуынша ол үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде яғни Ресей Федерациясында іздеуде жүрген.    

Қылмыскер 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттері өртеп, көміп тастаған,- делінген дереккөздегі ақпаратта.

Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Барлық жаңалықтар