00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Тергеу изоляторында бауырсақ ішінен флешка табылды

01.04.2023 | 00:46
Елорда ақпарат
33

Бауырсақ ішіне флешка салып, тергеу изоляторына өткізбек болған әйел анықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетуінің алдын алды.

Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған Т. есімді 62 жастағы әйел қамауда отырған қызына флешка жеткізбекші болған. Мекеменің қырағы бақылаушылары бұл егде жастағы әйел әкелген сәлем-сауқаттарын жіті тексеру барысында бауырсақ ішінен фольгаға оралған бір флешканы жасырып қойғанын анықтады.

Осы факт бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Бүгінде сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, алғашқы рет жасалынғандықтан, әкімшілік ескерту берілді.

Барлық жаңалықтар