00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы көз жұмды

31.03.2023 | 21:15
Елорда ақпарат
41

Ақсу ферроқорытпа зауытында ер адам көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info.

Оқиға 20 желтоқсан күні сағат 08.21-де Ақсу ферроқорытпа зауытындағы​ балқыту цехында болған. Бұл туралы зауыттың Instagram парақшасында жарияланды. Зауыттың мәлімдеуінше, конвейер жабдығына қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алған.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен адам Ақсу орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды, - делінген жазбада.

Оқиға туралы мемлекеттік мекемелерге хабарланып, тергеу басталды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

«Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы мен ұжымы марқұмның туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Зауыт марқұмның отбасына барлық қажет көмек көрсетілетінін атап өтті.

Барлық жаңалықтар