00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының кеңсесі өртеніп кетті

31.03.2023 | 16:49
Елорда ақпарат
44

Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабаты өртеніп кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 14:04 Алатау ауданы, Нұрпейісова, 2а мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Өрт сөндіру бригадасы жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмылдырылды, құтқарушылар оқиға орнына 5 минутта жетті. Олар келген кезде үш қабатты әкімішілік ғимараттың екінші қабатының 45 шаршы метр жері өртеніп кетті, – деп мәлім етті ТЖД-дан.

Өртті сөндіруге 14 техника мен 47 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар