00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері табысты өтті

06.12.2023 | 10:30
52
Фото: дереккөз

Бакуда Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндері өтті, деп хабарлады Elorda.info ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақ-әзербайжан қарым-қатынастарын нығайту мақсатында өзара мәдени күндерді өткізу туралы тапсырманы биыл Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев берген болатын.

Іс-шараларға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел қатысты.

Мәдениет күндері аясында «Хассақ» этно-фольклорлық тобының жеке концерті мен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры қойған «Қаракөз» спектаклінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

9be6925d481c3577750f45b71fad6006_1280x720.jpg

Қорытынды мәдени іс-шаралар Гейдар Әлиев орталығында өтті. Онда Қазақстанның бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды, әртүрлі жанрлар мен стильдерде жұмыс істейтін қазақстандық жас суретшілердің 46 бірегей жұмыстарының экспозициясы ұсынылды.

Көрмеде кескіндеме, графика, кестелеу, сәндік-қолданбалы өнер сияқты бейнелеу өнерінің дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа түрлері – инсталляциялар мен арт-нысандар қойылды.

Мәдениет күндері Қазақстан өнер шеберлерінің салтанатты гала-концертімен аяқталды. Салтанатты іс-шараға Әзербайжан Парламентінің төрайымы Сахиба Гафарова, министрлер, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, депутаттар, шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары, көптеген көрнекті мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлері қатысты.

Құттықтау сөзінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Әзербайжанның Қазақстан үшін тату көрші, адал дос және бауырлас ел екенін айтып, түркі әлемін бірге дамытып келе жатқанымызға назар аударды. Аида Балаева Әзербайжанның Мәдениет министрі Әділ Керимлиге және Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байелге, сондай-ақ олардың ұжымдарына мәдениет күндерін жоғары деңгейде өткізуге жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін шынайы алғысын білдірді.

Гала-концертте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әлішер Кәрімов, Медет Чотабаев, Әйгерім Бекетаева, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, «IL Canto», «Виола», «T&Y» ұйымдары Фикрет Әміров атындағы Әзербайжан мемлекеттік ән-би ансамблі, «Ұлытау» тобы және «Сазген сазы» ансамблі өнер көрсетті. Әзербайжан жұртшылығы концертке тәнті болды.

cf944e6fc122f57fdef01e858da44d44_1280x720.jpg

Барлық жаңалықтар