00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді

25.06.2024 | 15:54
Олжас Сүлейменов
379
Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді
Фото: Сұлтан Сейіт

«Жастар» сарайында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Жан жүрегім – Астана» атты концерт өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Концертте елордалық «Астана» эстрадалық-симфония оркестрі, «Серпер» домбырашылар ансамблі, ҚР Ұлттық ұлан Ерлер хоры өнер көрсетеді. «До Star» заманауи вокал мектебінің дарынды жас орындаушылары көрермендерді сазды әуенімен қуантып, хореографиялық бөлімін «ТЕРРА» би театрының ұжымы ұсынады.

Сондай-ақ, Өнер Кулов, Татьяна Ким, Зарина Божакова, Әлібек Әлмәдиев сияқты халықаралық конкурстардың лауреаттары және «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының иегері Дәурен Төлеубаев өнер көрсетеді.

Концерт 29 маусым күні сағат 20:00-де Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында өтеді.

Барлық жаңалықтар