00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қытайда қазақ киносының апталығы өтті

07.11.2023 | 07:30
61
Фото: дереккөз

Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшілігі қазақ киносының апталығын ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның ашылу рәсіміне ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі, ҚХР Сыртқы істер министрлігі, ҚХР кинематография істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының өкілдері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер, байқаушылар және диалог бойынша серіктестердің Қытайдағы елшілері, сондай-ақ Бейжің қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

«Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалды бастап барған қазақстандық делегацияның құрамына «Томирис», «Біржан сал», «Шал», «Оқу іздеген Адемока», «Композитор», «Отансүйгіштер уақыты» фильмдерінің және «Мұзбалақ» мультфильмінің актерлері, режиссерлері мен продюсерлері кірді.

Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшісі Шахрат Нұрышев берік саяси диалогқа баса назар аудара отырып, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, әсіресе кинематография саласындағы байланысты одан әрі кеңейтуге үміт білдірді.

Барлық жаңалықтар