00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«URKER-2023» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

22.09.2023 | 14:00
47
Фото: дереккөз

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл байқау 12 номинация бойынша өткізілді. Оның ішінде медиа саласын дамытуға үлес қосып жүрген медиа мамандары үшін үш жаңа номинация қосылды. 

Атап айтсақ, «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube каналы». Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім, солардың ішінде ең көбі «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік өңірлік БАҚ», «Жылдың үздік аналитикалық материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша түскен. Үздік жұмыстарды құрамында беделді журналистер, медиа менеджерлер бар қазылар алқасы анықтады.

Сонымен,  «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары деп төмендегі әріптестеріміз танылды. 

УРКЕР ФОТ.jpg

 Жылдың үздік сұхбаты:

Лэйла Тастанова - Time.kz

Жылдың үздік репортажы:

Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:

 Амангүл Тілейқызы - El.kz

 Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):

 Анна Величко - Golos-naroda.kz

 Жылдың үздік аналитикалық материалы:

 Меруерт Сарсенова - Kapital.kz

 Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

Nege.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:

 «Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы

 Жылдың үздік фотосуреті:

Валерий Бугаев 

Самат Құсайынов

Үздік өңірлік БАҚ:

«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):

«Қазақ елі» журналы (Түркия)

Үздік подкаст:

«OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан

 Үздік YouTobe каналы:

Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live»

«Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай арнайы жүлде:

 «Ана тілі» газеті

Жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

 Айта кетейік, баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық Ұлттық «URKER» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.

Жеңімпаздарды марапаттау кеші Астанадағы «ҚазМедиа орталығында»  өтті. 

Барлық жаңалықтар