00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

UNESCO бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

07.06.2023 | 14:00
42
Фото: akorda.kz

Астана Халықаралық форумына қатысу үшін ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле Қазақстанға келді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жұмыс сапары аясында Одрэ Азуле Түркістан қаласына барып, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып кірген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап көрді.

уцц.png

Нысанды аралау барысында Мемлекеттік кеңесші, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйымның басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Одрэ Азуле Қазақстан тарапының тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты қабылдаған шаралары жөніндегі ақпаратты үлкен ықыласпен тыңдады.

Барлық жаңалықтар