00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Umai-2023 ұлттық сыйлығына қатысуға өтінім қабылдау басталды

16.10.2023 | 03:30
47
фото: «Астана Опера» театры

Бүгін өнер саласындағы Umai-2023 ұлттық сыйлығын алу үшін өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info.

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметінің мәліметінше,  биыл сыйлықтар саны 29-ға дейін айтарлықтай ұлғайтылды, сәйкесінше ақшалай жүлделер де артты. Биыл сыйлықтың жүлде қоры 79 миллион теңгені құрайды. 

Өткен жылғы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында өткен болатын. Ол ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде көрсетіліп, музыкалық қауымдастық арасында үлкен резонанс туғызды. Мүсінше мен ақшалай жүлделерді 20 лауреат иеленді.

Umai ұлттық сыйлығы – еліміздегі мәдениет пен өнерге деген ерекше көзқарастың көрсеткіші. Өз дарындарын жүзеге асыру үшін шығармашыл жандарға қолдау қажет, бұл оларды жаңа жетістіктерге, тың дүниелерді жасап шығаруға жігерлендіреді, – деп атап өтті «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров. 

Өтінімдерді қабылдау «Театр өнері», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» тәрізді төрт негізгі номинация бойынша өтеді. 

Барлық жаңалықтар