00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттары жарияланды

30.06.2023 | 21:30
53
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Телевизиялық шеберлік саласындағы «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық бәйгесі 12 номинация бойынша байқау өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Байқаудың басты мақсаты - кәсіби қоғамдастықтың бағалау призмасы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияны дамытуды ынталандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін көрсету.  

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, биыл бәйгеге қатысу үшін 300-ге жуық өтінім келіп түскен, ең көп өтінім «Үздік тележүргізуші», «Үздік тележурналист», «Үздік әлеуметтік жоба» номинациялары бойынша қабылданды. «Тұмар» ұлттық байқауына республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар қатысты. 

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынайды.

Барлық жаңалықтар