00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Отандық парахоккейшілердің тарихи жеңісі жайлы фильм жарыққа шықты

28.08.2023 | 13:00
42
Фото: дереккөз

Парахоккейден 2022 жылы алғаш рет әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасы жайлы қысқа метражды фильмнің таныстырылымы өтті деп, хабарлады Elorda info.

Парахоккейден 2022 жылы Таиланд астанасы Бангкокте өткен әлем чемпионатының С дивизионында Қазақстан ұлттық құрамасы сенсациялық 2-орын алған еді. Нәтижесінде Ұлыбритания мен Қазақстан құрамасы В дивизионына көтерілген болатын. Жаңа туындыда негізінен осы дүбірлі додадағы жеңіс арқау болған. 

  Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен қысқа метражды фильмнің тұсау кесеріне Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының директоры -Махамбетов  Мейрамбек, ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, «Бейбарыс» хоккей клубының президенті Болат Бушанов, Ресейден арнайы қонақ ретінде «Михайлов академиясы» клубының өкілдері, Қазақстан пара хоккейшілері қатысты.

Қазан айында Қазақстан құрамасы В дивизионының ойындарын Астана қаласында қабылдайды. Олардың қарсыластары ретінде Швеция, Словакия, Жапония, Ұлыбритания атанбақ.

  Қазақстан пара хоккей федерациясының өкілі Қайрат Сабиров фильм жайлы ойымен ортаға салды.   

Бүгінгі қысқа метражды фильмді Қазақстан ұлттық құрамасына кіретін парахоккейшілердің өздері түсірді. бұл туындыдан Алматыдан қалай кеткені, Таиландтағы әсері, әр ойынды қалай өткізгені, лицензия алған сәттегі көңіл-күй т.б көріністерді тамашалай аласыз. Иә, бұл парахоккейдегі тарихи жетістік. Неге? Себебі, 2021 жылы ғана құрылған пара хоккей құрамасы әлем чемпионатының С дивизионында ойнап қана қоймай, В лигасына көтеріледі деп, кім ойлаған?! Оның үстіне Қазақстан ұлттық құрамасының барлық мүшелері Астана қаласынан құрайды. Жалпы, құрамада 17 пара хоккейші бар. Ең жасы – 18, ең егдесі – 53 жаста. Өкінішке қарай, пара хоккей жайлы ақпараттың аздығы осы спортқа деген қызығушылықты төмендетіп тұр. Осы фильм арқылы өзге жандарды да спортпен айналысуға шақырамын,-деді Қ. Сабиров.

Арнайы шарадан соң, алдағы әлем чемпионатына дайындық мақсатында Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейдің Тула облысынан келген «Михайлов академиясы» клубымен шеберлік алмасты.

Барлық жаңалықтар