00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Медиасеріктестік ұжымы табиғат аясында демалды

28.08.2023 | 12:00
41
фото: Елорда инфо

Elorda Aqparat медиа холдингінің ұжымы екі күн бойы сұлу Көкшенің төрінде тимбилдинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Green wood демалыс аймағындағы командалық сайыстар әріптестеріміздің көңіл-күйін көтерді. 

Холдинг қызметкерлері жазу мен сызудан бір сәтке қол үзген шарада волейбол мен футболдан өткен спорттық жарыстарда ептіліктен, шеберліктен, сергектіктен күш сынасты. Ауа-райының күндіз бұлтты әрі жып-жылы болғаны спортпен көбірек шұғылдануымызға мүмкіндік берді. Әсіресе, волейболдан өткен өте қызықты, тартысты ойындар әріптестеріміздің көңілін серпілтіп қана қоймай, ұжымдағы өзара сыйластықты, жанашырлықты көрсетті.  
Тимбилдингте тек спортпен, ойын-сауықпен шектелмей,  қылқан жапырақты орманды аралап, мүлгіген тыныштықта миымызды тынықтырдық. Бурабай сілеміндегі Қатаркөлдің сұлулығына тамсандық.  

Жеңіске жеткен командалардың марапаттау рәсімі, қонақтар мен әріптестердің құттықтаулары, таза ауада табиғат аясында жеген дәмді ас, түнгі оттың айналасында отырып ұжым болып шырқаған хит әндер дүйім жұрттың көңілін көкке көтерді.  
Бұл күндер біздің ұжым болып жақсы жұмыс істеумен қатар, жақсы демала алатынымызды көрсетті. Медиасеріктестік ұжымы демалыстан күш-қуат, жағымды энергия жинап қайтты. Тамыздағы тимбилдингті жоғары деңгейде ұйымдастырған және оған қатысқан барлық әріптестерімізге, соның ішінде Elorda Aqparat медиа холдингінің директоры Олжас Сыдықбекке, директордың орынбасары Рауан Сәбитұлына, компанияның кадр бөлімінің басшысы Шолпан Тілеуқабылқызына шын жүректен алғыс айтамыз!

                               Төлен ТІЛЕУБАЙ

Барлық жаңалықтар